Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

194 миллион теңге: Рыбакина бастаған теннисшілер Уимблдон турнирінде қанша табыс тапты

Опубликовано:

Теннисші допты ойынға қосқалы жатыр
Теннис. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Бұл туралы "Рыбакинаның ракеткасы" Telegram арнасы хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлингке (194 075 525 теңге) қол жеткізді.

Ерлер арасында төртінші айналымға дейін сүрінбеген Александр Бублик 207 мың фунт стерлингпен (118 157 746 теңге) қайтты.

Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық (6 875 фунт стерлинг немесе 3 924 321 теңге) сында алғашқы айналымда өнер көрсеткені үшін барлығы 61 875 фунт стерлинг немесе 35 318 891 теңге олжалады.

Анна Данилинаның көрсеткіші – жұптық сындағы алғашқы айналым: 6 875 фунт стерлинг (3 924 321 теңге) және микстегі ширек финал: 8 250 фунт стерлинг (4 709 185 теңге), қорытындысы – 15 125 фунт стерлинг (8 633 506 теңге).

Жұптық сында алғашқы айналымда сүрінген Александр Недовесов пен Андрей Голубев 6 875 фунт стерлингтен (3 924 321 теңге) тапты.

Уимблдонның іріктеу сатысының бірінші айналымында ойнаған Тимофей Скатовтың табысы – 12 750 фунт стерлинг (7 277 832 теңге).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028539-194-million-tenge-rybakina-bastagan-tennissiler-uimbldon-turnirinde-qansa-tabys-tapty/

pixel