Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италиядағы әлем кубогі: Қазақстан құрамасы аралас сында қола медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Әсем Орынбай жарыс кезінде
Әсем Орынбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Стенд атудан Италияның Лонато қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны қола медальмен толықты. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Skeet жаттығуы бойынша аралас жұптық жаттығуда Қазақстан намысын Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қорғады.

Олар үшінші орын үшін өткен тартысты Олимпиада чемпиондары і Кьяра Кайнеро мен Элия Сдруччолиден (Италия-2) басым түсті. Есеп - 44:43.

Бұл сында іріктеуге барлығы 42 команда қатысты.

Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 жүлде бар. Италиядағы жарыс 17 шілдеде аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028680-italiyadagy-alem-kubogi-qazaqstan-quramasy-aralas-synda-qola-medal-zenip-aldy/

pixel