jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың финалында өнер көрсетті

    Андрей Голубев
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Зальцбург (Аустрия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге финалда үндістандықтар Анируд Сандрасекар - Виджай Сундар Прашантпен чемпиондық атаққа таласты.

    Бірінші партияда қазақстандық-украиналық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

    Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Рим (Италия) ITF W60 турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған едік.

    Андрей Голубев Аустриядағы жарыстың финалында өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.