jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Тарихи жүлде: отандық спортшы синхронды жүзуден әлем чемпионатының қола медалін иеленді

    Эдурад Ким
    Эдурад Ким. Фото: instagram/aquatics.kz

    Жапонияның Фукуоки қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эдуард Ким синхронды жүзуден ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Ол іріктеу кезеңінде бесінші орын алып, финалда Колумбия және Франция спортшыларын артта қалдырып, үшінші орынға табан тіреді.

    Финалда қазақстандық спортшы 216 ұпай жинады. Алтын медаль иеленген испаниялық Фернандо Диас Рио Сото 224, 555 ұпай алса, екінші орындағы Кеннет Гаудет 216,800 ұпай еншіледі.

    Еске сала кетейік, Эудард Ким синхронды жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол биыл аралас дуэт бойынша әлем кубогінің жеңімпазы атанған.

    Бұл синхронды жүзуден Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде саналады.

    Тарихи жүлде: отандық спортшы синхронды жүзуден әлем чемпионатының қола медалін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.