jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемге әйгілі теннисшінің ұлы Астанадағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

    спортшы
    Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    "Үлкен дулыға" турнирінің 11 мәрте чемпионы, швециялық Бьерн Боргтың ұлы, 20 жастағы Лео Борг Астанада өтіп жатқан президент кубогы үшін челленджер турнирінің екінші айналымына шыға алмады. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Швециялық теннисші алғашқы айналымда Беларусь өкілі Егор Герасимовқа есе жіберді. Есеп: 5:7, 4:6.

    "Бірінші матчта жеңілген, әрине, өкінішті, дегенмен бұл - теннис, көп тер төгіп, алға ұмтылу керек. Мен Астанаға келесі аптаға M25 турниріне қаламын. Қазақстанда алғаш рет болуым, бәрі өте ұнады. Бүгін уақыт болса, қаланың көрікті жерлерін аралаймын. Өткен жылы мұнда ATP 500 жарысы өтіп, әлемнің мықты теннисшілері жиналғанын білемін. Бұл ел үшін, теннисті кеңінен дамыту үшін өте керемет. Мені көпшілік Бьерн Боргтің ұлы ғана емес, ойыныма қарап та бағалайды. Бұрын тек мені әкеммен ғана салыстыратын. Бұл, әрине, қалыпты жайт. Оның оғаш ештеңесі жоқ. Ең бастысы, алға басу керек", – деді Лео Борг.

    Айта кетейік, қазіргі кезде Лео Борг әлемдік рейтингте 391-орында.

    Әлемге әйгілі теннисшінің ұлы Астанадағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.