jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық теннисші Мексикадағы беделді турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды

    Бейбіт Жұқаев
    Бейбіт Жұқаев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық, әлемнің 258-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Бейбіт Жұқаев алдымен 18 жастағы мексикалық Лука Лемайтрені 7:6 (11:9), 6:4 есебімен ұтты.

    Ол іріктеу сайыстарының финалында америкалық Киган Смитті бір сағатқа жетпейтін уақытта оңай жеңді. Есеп: 6:3, 6:1.

    Осылайша, Бейбіт Жұқаев негізгі турнирге жолдама алды.

    Грекиялық Стефанос Циципас бірінші ракетка болып тіркелген Лос-Кабос жарысы 5 тамызда мәресіне жетеді.

    Отандық теннисші Мексикадағы беделді турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram