Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Универсиада: ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті (фото)

Опубликовано:

Рита Бакишева
Рита Бакишева. Фото: ДРС

Ұлттық құрама спортшысы Қазақстанға Универсиаданың алғашқы алтынын сыйлады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды.

Таеквондошы Рита Бакишева (46 келі) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы атанды. Отандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты.

Рита биыл таеквондодан Бакуде өткен әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен.

Айта кетейік, Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті тұғыр биігіне көтеріліп, ел абыройын асқақтатты.

Олар:

Күміс медаль:

1. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин),

2. Никита Чирюкин (тапанша, 25 метр),

3. Елжана Таниева (көркем гимнастика, доп),

4. Диана Тұрсынбек (садақ ату),

5. Елжана Таниева (көркем гимнастика, лента).

Қола медаль:

1. Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі),

2. Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі),

3. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин),

4. Елжана Таниева (көркем гимнастика, шығыршық),

5. Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі).

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10-орынға көтерілді. Ел қоржынында 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2030759-universiada-el-qorzynyna-algasqy-altyn-medal-tusti-foto/

pixel