Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Аустриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Недовесов
Недовесов кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – аустриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2.

Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Александр Недовесов пен Гонсало Эксобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассори немесе португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матос жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2031191-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-austriyadagy-zarystyn-zartylai-finalyna-syqty/

pixel