Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Опубликовано:

Денис Евсеев
Денис Евсеев. Фото: ktf.kz

Қазақстандық Денис Евсеев Порто челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 189-орында тұрған АҚШ өкілі Эмилио Навамен шеберлік байқасты.

Үш сетке созылған ойында 3:6, 6:3, 7:5 есебімен Денис Евсеев жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық теннисші Порто челленджер турнирінің ширек финалына шығып отыр.

Енді Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 297-ракеткасы, франциялық Жюль Мари немесе рейтингте 350-сатыда тұрған португалиялық Гаштау Элиаштың біреуімен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2031262-otandyq-tennissi-portugaliyadagy-turnirdin-sirek-finalyna-syqty/

pixel