Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасы басқа": Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов отбасы мен ұлдары жайлы баяндады

Опубликовано:

Данияр Елеусінов Олимпиада медалімен
Данияр Елеусінов. Фото: olympic.kz

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов екі ұл өсіріп отырғанын айтты. Бұл туралы YouTube-тегі Дмитрий Гончардың ресми парақшасында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ресми түрде мен 2018 жылы отбасылы болдым. Ал үлкен ұлым 2015 жылы өмірге келді. Оның анасы басқа. Қазір Қазақстанда. Екінші ұлым 2019 жылы туылды. Екеуі де Астанада дүние есігін ашты.

Қазір біреуі дзюдо мен футболға барып жүр. Менің қабілетім берілген ғой. Мысалы, кіші ұлым қатты жүгіреді. "Әке, қарашы", - дейді де, ту алыстан бір шығады. Өзінің жасы үшін жақсы нәтиже.

Мен болашақта ақшаны ұлдарыма, солардың дамуына саламын", - деді Елеусінов.

Айта кетелік, Данияр Елеусінов әуесқой бокстан әлем, Азия және Азия ойындарының чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы.

Қазіргі таңда ол кәсіби боксқа ауысып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2032491-anasy-basqa-olimpiada-cempiony-daniyar-eleusinov-otbasy-men-uldary-zaily-bayandady/

pixel