jitsu gif
Спорт

    Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

    Эльжана Таниева ұршықпен жаттығуда
    Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

    Испанияда көркем гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын спортшылар анықталды, деп хабарлайды федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Испанияның Валенсия қаласы 23-27 тамыз аралығында көркем гимнастикадан 40-әлем чемпионатын қабылдайды.

    Қазақстан құрамасы лицензиялық чемпионатта жекелей сында және топтық сында өнер көрсетеді.

    Жекелей сында ел намысын құрама үздігі Эльжана Таниева мен Эрика Жайлауова қорғайды.

    Ал топтық сында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар: Аружан Қасенова, Айдана Шаяхметова, Баян Койбакар, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Аяулым Қадыр.

    Айта кетейік, топтық сында жолдаманы алғашқы бестікке енген командалар иелене алады.

    Ал жекелей сында Париж Олимпиадасының 14 жолдамасы сарапқа салынады.

    Көркем гимнастикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.