jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Америкалық желаяқ қыз ерекше ұзын тырнағын қиып тастаған соң, әлем чемпионы атанды

    Ша’Кэрри Ричардсон
    Ша’Кэрри Ричардсон. Фото: Patrick Smith/Getty Images

    Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында жүз метрге жүгіруден америкалық Ша'Кэрри Ричардсон чемпион атанды. Жанкүйерлер оның финал алдында қандай өзгеріске барғанын байқап қалды, деп хабарлайды Спорт-Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ричардсон жиі дауға қалатын спортшы. Ол марихуана шеккені үшін де көпшілік алдында ұятқа қалған болатын.

    Бірақ оның спорттағы ең жарқын жетістігі биыл Будапештте болды. Ол 100 метрге жүгіруден жартылай финалда сәтсіз өнер көрсетті.

    Тіпті, финалға тікелей жолдама ала алмай, қосымша уақыт көрсеткіші бойынша ақтық сынға шыққан.

    Финалға ең соңғы орынмен шыққан атлет жарыс ережесі бойынша ең соңғы, тоғызыншы жолақпен жүгіреді.

    Ричардчон финалға соңғы нәтижемен шыққанына қарамастан, Олимпиада мен әлем чемпионатында бірнеше рет топ жарған ямайкалық атлеттерді артта қалдырып, чемпион атанды.

    Ол жүз метрді 10,65 секундта жүгіріп өткен.

    Бір қызығы, үнемі ұзын тырнақпен жүретін Ша'Кэрри финал қарсаңында тырнақтарын қиып тастаған. Көпшілігі спортшының мұндай қадамға барғанына таң қалуда.

    Америкалық желаяқ қыз ерекше ұзын тырнағын қиып тастаған соң, әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.