jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Былтырғы чемпион жоқ: Кениядан келген тағы бір легионер жартылай финалдан аса алмады

    Дэйзи Джепкемей жарыс жолында
    Дэйзи Джепкемей. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бүгін Будапештегі әлем чемпионатында Қазақстанның атынан жарыс жолына Дэйзи Джепкемей шықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлайды.

    3000 метрге кедергілермен жүгіруде (стипль-чез) өз өнерін ортаға салған Джепкемей іріктеу кезеңінен аса алмай, финалға шыға алмады.

    Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын АҚШ-тың Юджин штатында өткен әлем чемпионатында, дәл осы қашықтықта отандасымыз Нора Джеруто топ жарып, чемпион атанған. Бірақ Будапештегі жарысқа ол қатысып жатқан жоқ.

    Осылайша, Қазақстан былтырғы жеңісті қайталай алмады.

    Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары қалған 5 атлетке ауады. 24 тамыз күні 35 шақырым спорттық жүрісте ел намысын Галина Якушева қорғайды. 25 тамызда 3 бірдей жерлесіміз – Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева биіктікке секіруден сынға түседі. Егер іріктеуден өтсе – 27 тамыз күні олар финалда жүлдеге таласады. Ал 26 тамызда өтетін марафонда Жанна Мамажановаға жанкүйер боламыз.

    Әлем чемпионаты 27 тамызда аяқталады.

    Былтырғы чемпион жоқ: Кениядан келген тағы бір легионер жартылай финалдан аса алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.