jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатында белдескен екі қазақ баласының әрекеті жанкүйерлерді елжіретті (видео)

    Нұрлан Исатаев
    Нұрлан Исатаев. Фото: ijf.org

    Дзюдодан Загребте өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ баласының белдесуі жанкүйер назарын аудартты. Бұл туралы Europeanudo арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    55 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда екі қазақ дзюдошысы - Нұрлан Исатаев пен Оралбек Байзақ күресті.

    Аталған белдесуде Нұрлан жеңіске жетіп, кейін сол салмақта чемпион атанады.

    Жартылай финал белдесуінен соң Нұрлан өзінен жеңілген отандасы Оралбекті жұбатып, оған демеу көрсетеді.

    Екі қазақ баласының татамидегі бұл әрекеті әлемдік дзюдо мамандарының назарын аудартты.

    "Жартылай финалда командаласыңмен күрескен кезде... Дзюдо - бұл спорттан да артық", - деп жазды Еуропа дзюдо одағының ресми парақшасы.

    Айта кетелік, Нұрлан Исатаев финалда грузиялық спортшыны жеңіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды.

    Әлем чемпионатында белдескен екі қазақ баласының әрекеті жанкүйерлерді елжіретті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.