Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім - араб, хиджаб киемін": қазақстандық спортшы Маргарита Елисеева шетелден қалай бақытын тапты (фото)

Опубликовано:

Маргарита Елисеева күйеуімен
Маргарита Елисеева күйеуімен. Фото: bassport.kz

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Елисеева бүгінде Сауд Арабиясында тұрып жатыр. Ол жергілікті футболшыға тұрмысқа шыққан, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Қазіргі кезде Сауд Арабиясында тұрып жатырмын. Тұрмысқа шықтым. Ауыр атлетикадан топтық бағдарлама бойынша студия ашқанмын. Яғни, сол жақта жұлқа, серпе көтеруді үйретемін. Менен тәлім алып жүргендерден жергілікті азаматтар, шетелдіктер де бар. Қазақстаннан да өте көп", - дейді ол.

Елисееваның араб елінде тұрып жатқанына бесінші жыл. Ол алғашында фитнес-жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

"Әлі күнге дейін адаптация жүріп жатыр. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда табиғатымыз қандай керемет. Тіпті, біздің тамағымызға ештеңе жетпейді. Ал Сауд Арабиясы мүлдем бөлек. Сондықтан елге жиі келіп тұрамын. Ұлттық құрамада болған Жазира Жапарқұл, Карина Горичевамен сөйлесіп тұрамын", - дейді бұрынғы спортшы.

Маргарита Елисеева
Маргарита Елисеева. Фото: liter.kz

Маргаританың күйеуі араб ұлтынан және ол да спорттан алшақ емес.

"Иә, араб жігіті. Біз екеуіміз жарыс кезінде танысқанбыз. Ол – экс-футболшы. Арабияның жасөспірімдер құрамасында ойнаған", - деді ол.

Сондай-ақ қазақстандық спортшы хиджаб киетінін де жасырмады.

"Ол жақта хиджаб киемін. Болашақта толықтай жабық киінетін боламын. Бәрі бірден болмайды. Үйренуге тырысып жүрмін. Күйеуім түсінеді. Ол күтеді. Мен мұсылманмын. Бұрын спортта жүргенде шарттарын орындаған емеспін. Күйеуге шыққан соң, шыңдап кірісуге тура келді. Оның үстіне, Сауд Арабиясы – ислам дінің жүрегі. Оқып, үйреніп жүрмін", - дейді ауыр атлет.

Маргарита Елисеева Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған. Ол Сауд Арабиясында ықтиярхатпен тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2033894-kuieuim-arab-xidzab-kiemin-qazaqstandyq-sportsy-margarita-eliseeva-setelden-qalai-baqytyn-tapty-foto/

pixel