Қазақстандық теннисші алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жарияланған күні:

Теннистен ерлер арасындағы Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет US Open турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтында хабарланды.
Федерация мәліметінше, қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 112-орында тұрған австралиялық Джеймс Даквортпен жолдама үшін сынға түсіп, оны 6:2, 6:2 есебімен жеңген.
Осылайша 22 жастағы Скатов спорттық жолында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатында ойнайтын болады.
АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңдегі бірінші раундында Тимофей Скатовқа қарсы ойнайтын теннисшінің есімі іріктеу матчтары аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2034094-qazaqstandyq-tennisissi-algas-ret-us-open-turnirinin-negizgi-kezenine-zoldama-aldy/
