jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінің финалына шықты

    Анна Данилина мен Харри Хелиоваар
    Анна Данилина мен Харри Хелиоваар. Фото: ktf.kz

    Қазақстандық Анна Данилина аралас жұпта АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы теннис федерациясының ресми сайты хабарлады.

    Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жартылай финалда жапониялық Ена Шибахара – хорватиялық Мате Павичпен шеберлік байқасты.

    Қазақстандық-финляндиялық жұп сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта 7:6 (7:2), 6:4 есебімен басым түсті.

    Данилина – Хелиоваара финалда америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салады.

    Соңғы бәсеке 9 қыркүйекке белгіленген.

    Айта кетелік, Анна Данилина "Үлкен дулыға" турнирінің финалына алғаш рет шығып отыр.

    Қазақстандық теннисші Анна Данилина US Open турнирінің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.