Бүгін, жексенбі күні елордадағы "Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияға қарсы матчы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасын қолдау мақсатында президент пен Геннадий Головкин де келген, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ел астанасындағы "Астана Арена" стадионында өтіп жатқан футболдан Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойынын тамашалауға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге әйгілі қазақстандық спортшы Геннадий Головкин де келген.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді. Кездесу футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр", - делінген хабарламада.
Футболшылар Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу мақсатында Астанадағы матчты бір минут үнсіздікпен бастады. Матч елордадағы "Астана-Арена" алаңында өтуде.
Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндияға қарсы ойнаған болатын.
Сондай-ақ қазақстан құраманың бас бапкері Магомед Адиев матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Қазақстанның Финляндиядан сәл ғана ұтылғандығына қатысты пікір білдірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2036015-toqaev-pen-golovkin-de-kelgen-futbolsylar-astanadagy-matcty-bir-minut-unsizdikpen-bastady-video/