Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының ойынын тамашалауға Тоқаев пен Головкин келді (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкин. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бүгін, жексенбі күні елордадағы "Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияға қарсы матчы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасын қолдау мақсатында президент пен Геннадий Головкин де келген, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ел астанасындағы "Астана Арена" стадионында өтіп жатқан футболдан Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойынын тамашалауға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге әйгілі қазақстандық спортшы Геннадий Головкин де келген.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Солтүстік Ирландия командаларының арасындағы футбол матчында ұлттық құрамамызды қолдау үшін «Астана Арена» стадионына келді. Кездесу футболдан Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр", - делінген хабарламада.

Футболшылар Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу мақсатында Астанадағы матчты бір минут үнсіздікпен бастады. Матч елордадағы "Астана-Арена" алаңында өтуде.

Футбол командалары
Футбол командалары. Фото: t.me/aqorda_resmi

Еске сала кетейік, 7 қыркүйек күні футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндияға қарсы ойнаған болатын.

Сондай-ақ қазақстан құраманың бас бапкері Магомед Адиев матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Қазақстанның Финляндиядан сәл ғана ұтылғандығына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2036015-toqaev-pen-golovkin-de-kelgen-futbolsylar-astanadagy-matcty-bir-minut-unsizdikpen-bastady-video/

pixel