jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖТ
    Жұлдыз Тілебалды
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл – айтулы оқиға": Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады

    Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы және өкілдері
    Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы және өкілдері. Фото: instagram.com/tokayev_online

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада шахматтан өткен командалық әлем чемпионатында күміс медаль алған Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады.

    "Шахматтан Қазақстан құрамасын әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатында тұңғыш рет күміс медальға ие болуымен құттықтаймын! Бұл – еліміздің шахмат тарихындағы айтулы оқиға.

    Байрақты бәсекеде қыздарымыз асқан шеберліктің және жеңіске деген шексіз ерік-жігердің озық үлгісін көрсетті. Сіздердің тамаша жетістіктеріңіз шахмат спортын жан-жақты дәріптеп, өскелең ұрпақтың оған деген қызығушылығын арттыра түсетіні анық.

    Мемлекет адамның ой-өрісін жетілдіретін бекзат өнерді дамытуға барынша қолдау көрсете береді. Еліміздегі кәсіби және әуесқой шахматшыларға тек жарқын жеңістер тілеймін! – деп жазды президент өзінің Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, бұған дейін еліміздің әйелдер құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік. Қазақстан бұған дейін ширек финалдан ары аса алмаған болатын.

    Алайда қыздар Қазақстан мен Грузия арасындағы финалда грузиялық қарсыластарына есе жіберді.

    Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова сынға түсті.

    Шахматшыларымыз командалық әлем чемпионатынан алғаш рет жүлде алып отыр.

    "Бұл – айтулы оқиға": Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.