jitsu gif
Спорт

    Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатының финалына шықты

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: kazsports.kz

    Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан әйелдер құрамасы Францияны сенімді жеңіп (4-0), алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионатының финалына өтті.

    Ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова осылайша сенсация жасады.

    Қазақстан мен Грузия арасындағы финал 11 қыркүйек елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады.

    Бұл матчтың нәтижесіне қарамастан Қазақстан командалық әлем чемпионатында жүлде алған 6 мемлекеттің бірі болады. Қазақстан бұған дейін ширек финалдан ары аса алмаған еді.

    Айта кетейік, шахматтан IX командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатыр.

    Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.