jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Азия ойындары: жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы кездесуде жеңіске жетті

    Жағажай волейболы
    Фото: olympic.kz

    Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының топтық кезеңі аясында өткен алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады.

    Басылым жазуынша, алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы (Лаура Қабылбекова, Надежда Иванченко) Оңтүстік Корея құрамасын 2:0 (21:18, 21:13) есебімен жеңген.

    Отандастарымыз екінші кездесуін бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының алғашқы легі Ханчжоу қаласына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

    Сонымен қатар Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларға сәттілік тілеген еді.

    Азия ойындары: жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы кездесуде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.