Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туризм және спорт министрі Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында спортшылармен кездесті

Жарияланған күні:

Ермек Маржықпаев және Қазақстан спортшылары
Ермек Маржықпаев және Қазақстан спортшылары. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында Қазақстан құрамасы тұратын және жаттығатын спортшылар қалашығына барды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөзіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министр ең алдымен, осы Азиадада еліміздің намысын қорғайтын қыз-жігіттермен кездесіп, сары құрлықтың басты спорттық жарыстарында ең жоғары нәтиже тіледі.

Одан кейін спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасына тәулік бойы қолдау көрсетіледі. Штаб қызметкерлерінің спортшылармен бір ғимаратта тұруы кез келген мәселені өте тез шешуге мүмкіндік береді.

"Бізге Қазақстан атынан жарысқа қатысатын спортшылардың жаттығу жабдықтары мен алаңдарына толық қол жеткізуі, жайлы тұруы, демалуы және жарысқа еш уайымсыз дайындалуына жағдай жасау өте маңызды. Ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер жаттығулар мен медициналық бақылаудан кем емес.

Біз бәріміз - Қазақстан құрамасымыз. Сондықтан бірігіп, алдымызда тұрған мақсат - Джакартадағы Азиада нәтижесін жақсартуға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек",- деді Ермек Маржықпаев.

Ермек Маржықпаев және Қазақстан спортшылары
Ермек Маржықпаев және Қазақстан спортшылары. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Еске салсақ, Ханчжоудағы Азиадаға Қазақстаннан спорттың 30 түрінен 524 спортшы, яғни 262 ер және 262 әйел қатысады. Оның 27-сі олимпиадалық бағдарламаға, қалған 3-і олимпиадалық емес спорт түрлерінен сынға түседі.

Сонымен қатар, алдағы жарыстарда бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис және жеңіл атлетика секілді 8 спорт түрінен Париж Олимпиадасына лицензиялар ойнатылады. Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығына таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037826-turizm-zane-sport-ministri-qytaidaga-aziya-oiyndarynyn-asylu-saltanaty-qarsanynda-sportsylarmen-kezdesti/