jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты (фото)

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында
    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан Республикасының құрамасы XIX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Мерекелік шара Ханчжоу қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстан Республикасының құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысып, олимпиадалық орталықтың стадионында жүріп өтті. Еліміздің мемлекеттік туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая алып шықты.

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында
    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында
    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Жазғы Азия ойындары 23-қыркүйек пен 8-қазан аралығында өтеді. Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күресетін болады.

    Қазақстан Республикасының туы Азия ойындарында
    Қазақстан Республикасының туы Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Айта кетейік, бұған дейін Ханчжоуда Азия ойындары басталғанын хабарлаған болатынбыз.

    Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкая ту алып шықты
    Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкая ту алып шықты Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында
    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Еске сала кетейік, Азия ойындарына 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысады.

    Бұған дейін Ханчжоудағы олимпиадалық қалашықта ту көтеру рәсімі кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтерілген хабарлаған болатынбыз.

    Оған қоса туризм және спорт министрі Қытайдағы Азия ойындарының ашылу салтанаты қарсаңында спортшылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.