Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азиада-2023: Қазақстандық жүзгіштер финалға жолдама алды

Опубликовано:

Аделаида Пчелинцева жарыста
Аделаида Пчелинцева жарыста Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Азия ойындарының финалына шықты. Отандасымыз бүгін түнде 100 метрге еркін жүзуден сынға түседі, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әділбек Мусин қашықтықты 49,18-де бағындырып, екінші орын алды.

Оған қоса Аделаида Пчелинцева да финалға жолдама алды. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзудің алғашқы кезеңінде 31,28 нәтиже көрсетті.

200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Диана Тасжанова жарысты аяқтады. Бастапқы кезеңде ол 2:16:34-те жүзіп, сегіз финалисттің қатарынан қалып қойды.

Айта кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары басталды. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

Кеше олипиадалық орталықтың стадионында Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Бүгін қазақстандық дзюдошылар Абиба Әбужақынова мен Мағжан Шамшадин жартылай финалға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037862-aziada-2023-qazaqstandyq-zuzgister-finalga-zoldama-aldy/

pixel