Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті қола медальды Никита Чирюкин салды. Ол тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Никита Чирюкин 10 метрге пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден финалда сынға түсті.
Ол іріктеу кезеңінде жетінші орын алып, финалдан сырт қалған еді. Алайда ақтық сынға өткен қытайлық спортшылардың бірін төрешілер шеттетіп, Никитаға жол ашылды.
Финалда Чирюкин жалпы есебі 26 ұпай жинап, қола жүлде жеңіп алды.
"Аз ғана күш жетпеді. Жүйке де керек. мұнымен тоқтамай, әрі қарай даму қажет. Физикалық әлеуетімді де, психологияны де жетілдіру керек. Содан соң бұдан да жоғары нәтижелер болады деп үміттенемін. Нәтиже көңілімнен шығады. Әрине, бұдан да жақсы өнер көрсетуге болады. Бұл да жаман емес", - деді Чирюкин.
Айта кетелік, жазғы Азия ойындарында қазақстандықтар әзірге 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ қазіргі бессайыстан Париж Олимпиадасының екі жолдамасы қоржынға түсті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2037977-azdap-kusim-zetpedi-irikteude-zetinsi-orynda-qalgan-ciryukin-qalai-zuldege-qol-zetkizdi/