jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Боксшы Наталья Богданова Азия ойындарын жеңіспен бастады

    Наталья Богданова
    Видеодан кадр: qazsport.kz

    Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия ойындарын сәтті бастады. Спортшы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан қазақстандық спортшы сауд арабиялық қарсыласын нокдаунмен жеңіп, ХІХ Жазғы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.

    Айта кетейік, Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Оған 500-ден астам қазақстандық спортшы қатысуда.

    Дзюдодан ел қоржынына екі медаль түсіп үлгерді. Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ Данияр Шамшаев пен Эсмигул Куюлова Азия ойындарының қоласы үшін күресетін болады.

    Оған қоса Абылайхан Жұбаназар дзюдодан жартылай финалға шықты.

    Боксшы Наталья Богданова Азия ойындарын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.