Өзбек қызын айқын басымдықпен жеңген Эсмигүл Куйюлова Азия ойындарының қола жүлдесін сыйлады
Опубликовано:
Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Қазақстандық Эсмигүл Куйюлова қола медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Эсмигүл кіші финалда өзбекстандық Севинч Искоковамен белдесті.
Кездесу өте тартысты өтті. Белдесудің аяқталуына санаулы секунд қалғанда ваззари әдісімен ұтылып жатқан жерлесіміз есепті теңестірді.
Содан соң, белдесу қосымша уақытқа ұласып, "голден скорда" Куйюлова қарсыласын иппон әдісімен, яғни, айқын басымдықпен жеңіп кетті.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы жазғы Азия ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды.
Бұған дейін Абиба Әбужақынова күміс, Мағжан Шамшадин қола медаль иеленген болатын.
- Азия ойындары: Данияр Шамшаев кіші финалда моңғол балуанына есе жіберді
- "Аздап күшім жетпеді": іріктеуде жетінші орында қалған Чирюкин қалай жүлдеге қол жеткізді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038022-ozbek-qyzyn-aiqyn-basymdyqpen-zengen-esmigul-kuiyulova-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-syilady/