Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Қазақстандық Эсмигүл Куйюлова қола медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Эсмигүл кіші финалда өзбекстандық Севинч Искоковамен белдесті.
Кездесу өте тартысты өтті. Белдесудің аяқталуына санаулы секунд қалғанда ваззари әдісімен ұтылып жатқан жерлесіміз есепті теңестірді.
Содан соң, белдесу қосымша уақытқа ұласып, "голден скорда" Куйюлова қарсыласын иппон әдісімен, яғни, айқын басымдықпен жеңіп кетті.
Осылайша, дзюдодан Қазақстан құрамасы жазғы Азия ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды.
Бұған дейін Абиба Әбужақынова күміс, Мағжан Шамшадин қола медаль иеленген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038022-ozbek-qyzyn-aiqyn-basymdyqpen-zengen-esmigul-kuiyulova-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldesin-syilady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.