Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина ел қоржынына Азия ойындарының алғашқы алтынын салды. Спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов бұл рекордтық жеңіске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Почиваловтың айтуынша, қазақстандық спортшыларға қытайлық қарсыластарды жеңі оңайға соқпады.
"Қыздарымыз "скит" жаттығуы бойынша жоспарланған алтынды алды. Қытай құрамасымен болған тартысты жарыста жеңіп шықты. Соңғы кезеңге дейін олар бізден алда болды. Бірақ соңында жеңіс бізге бұйырды. Біздің қыздар жоғары нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды. Барлықтарыңызды құттықтаймын", - деді Почивалов.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина Азия ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы алғашқы алтыны болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038313-zenis-bizge-buiyrdy-oleg-pocivalov-qazaqstannyn-algasqy-altynyna-qatysty-pikri-bildirdi/