jitsu gif
Спорт

    "Жеңіс бізге бұйырды": Олег Почивалов Қазақстанның алғашқы алтынына қатысты пікір білдірді

    Зоя Кравченко Азия ойындарында
    Зоя Кравченко Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина ел қоржынына Азия ойындарының алғашқы алтынын салды. Спорттық ату федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов бұл рекордтық жеңіске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Почиваловтың айтуынша, қазақстандық спортшыларға қытайлық қарсыластарды жеңі оңайға соқпады.

    "Қыздарымыз "скит" жаттығуы бойынша жоспарланған алтынды алды. Қытай құрамасымен болған тартысты жарыста жеңіп шықты. Соңғы кезеңге дейін олар бізден алда болды. Бірақ соңында жеңіс бізге бұйырды. Біздің қыздар жоғары нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды. Барлықтарыңызды құттықтаймын", - деді Почивалов.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина Азия ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

    Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы алғашқы алтыны болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.