Азия ойындарында таэквондодан бақ сынаған қазақстандық спортшылар Дениз Жансель мен Смайыл Дүйсебай ел қоржынына екі қола салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Таэквондодан 80 келіде өнер көрсеткен Смайыл Дүйсебай жартылай финалда Жаохианг Сонгке 0:2 есебімен жол беріп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ал Дениз Жансель болса оңтүстік кореялық спортшыға есе жіберді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениздің ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан намысын 500-ден астам спортшы қорғап жатыр.
Бүгінде ел қоржынында 18 медаль бар. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс, 13 қола жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038560-tagy-eki-qola-qazaqstandyq-taekvondosylar-el-qorzynyna-eki-medal-ensiledi/