Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық мергендер ел қоржынына тағы бір алтын салды

Опубликовано:

Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай Азия ойындарында
Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай Азия ойындарында Фото: Нұрғали Жұмағазы

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық мергендер тағы да бір алтын алды. Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасы бойынша жұптық сайыста үздік болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша аралас командалық сайыста өнер көрсетіп жатқан Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко жұбы финалда Кувейттен басым түсті.

Тартысты жарыста Қытай мен Катар құрамалары қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында нысана көздеу спортынан 3 алтынға ие болды.

Қазақстандық мерген Әсем Орынбай кеше нысана көздеуден бір алтын, бір қола алған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық мерген Зухра Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден Азия ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038548-qazaqstandyq-mergender-el-qorzynyna-tagy-bir-altyn-saldy/

pixel