jitsu gif
Спорт

    Азия ойындары: Қазақстандық таэквондошылар жартылай финалға өтті

    Таэквондошылар Азия ойындарында
    Таэквондошылар Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Қазақстандық таэквондошылар Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз 2022 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер арасында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Смайыл Дүйсебай пәкістандық спортшыны жеңді – 2:0 (6:5, 9:3). 67 келіден жоғары салмақтағы Дениз ливандық спортшыны 2:0 (6:3, 7:0) есебімен ұтты.

    Екі спортшы жартылай финалға шықты, олар кем дегенде қола медаль алады. Финалға жолдама алу үшін Дүйсебай Қытай өкілімен кездессе, Дениздің қарсыласы Оңтүстік Кореяның таэквондошысы болады.

    Еске сала кетейік, Жансель Дениз 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.

    Қазіргі таңда ел қоржынында 13 жүлде бар. Бір алтын, екі күміс және 10 қола жүлде бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.