Бейсенбі күні Зухра Ирназарова тапаншамен 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Бұған дейін әлем чемпионы атанған жерлісіміз жарысты қорытындылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
– Зухра, жеңісіңіз құтты болсын! Қандай сезімдесіз?
– Мен өте қуаныштымын. Әлі де толқып тұрмын. Барлығы ойдағыдай болғанына ризамын.
– Жекелей сайыста – бірінші, командалық сынға екінші орын алдыңыздар? Әрине, бұл керемет нәтиже, бірақ командалық жарыста жеңіске жету үшін не жетпей қалды?
– Жалпы, дәлдікпен нысананы көздегенденімізде, командалық сайыста жеңіске жететін едік. Бірақ, бұл жарыс қой, кім дәл қазір мықты сол жеңіске жетеді. Алда алі талай жүлде алатыныма сенімдімін.
– Жарыс барысын айтсаңыз?
– Азия ойындарына алғаш рет қатысып отырмын. Бірінші кезеңде төртінші орын алдым. Екінші кезең алдында өзімді қайрап, психологиялық тұрғыда дайындалып шықтым. Ал соңғы үшінші кезеңде жеңімпаз болатынына сенімді болдым.
– Азия ойындарына дайындық қалай өтті?
– Жақсы өтті дей аламын. Азия ойындары алдында құрама қыз-жігіттері күніне екі реттен дайындық жүргізді. Жеке бапкеріміз жеңіске жету үшін барын салды. Бапкері және бізге қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет айтқым келеді.
– Бұл спорт Олимпиада бағдарламасында жоқ. Нысана көздеудің басқа түріне ауысқыңыз келмей ме?
– Жоқ, ондай ойымыз жоқ. Себебі, бұл спорт түрі бізге ұнайды. Менің сыңарым Фатима кішкене ауырыңқырап қалды. Әйтпесе, оның нәтижесі менен де асып түсер еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038960-synarym-auyryp-qaldy-aziya-oiyndarynda-top-zargan-mergen-qyz-qurlyq-dodasyn-qorytyndylady/