jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Айтжанов Шымбергенов жайлы: екі раундты бермеген соң, нокаутқа жібер дедім

    Асланбек Шымбергенов қызыл жейдеде
    Асланбек Шымбергенов қызыл жейдеде. Фото: Сали Сабиров

    Бокстан жазғы Азия ойындарында Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов өзбек қарсыласын нокаутпен жеңді. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов аталған жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асланбек Шымбергенов 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевпен жұдырықтасқан болатын.

    Кездесудің алғашқы екі раундында төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. Содан соң шешуші раундта Асланбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Бокс ережесі бойынша бір раундта үш рет нокдаун алған боксшы нокаутпен жеңілді деп есептеледі.

    "Алғашқы екі раундта Асланбек жеңіп тұрса да, төрешілер қарсыласқа беріп жіберді. Үшінші раунд басталарда оған: "Нокаутпен жеңіп шық", - дедім. Айтқаным айдай келді. Асланбек үш рет нокдаун беріп, қарсыласын нокаутқа жіберді. Барша жанкүйерлерге рахмет! Елде отырып, бізге жанкүйер болған халыққа рахмет", - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов.

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов. Фото: Сали Сабиров

    Айта кетелік, Асланбек Шымбергенов 71 келі салмақта әлем және Азия чемпионы.

    Айтжанов Шымбергенов жайлы: екі раундты бермеген соң, нокаутқа жібер дедім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.