Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сыңарым ауырып қалды": Азия ойындарында топ жарған мерген қыз құрлық додасын қорытындылады

Опубликовано:

Зухра Ирназарова
Зухра Ирназарова. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

Бейсенбі күні Зухра Ирназарова тапаншамен 10 метрге жылжымалы нысана көздеуден үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Бұған дейін әлем чемпионы атанған жерлісіміз жарысты қорытындылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

– Зухра, жеңісіңіз құтты болсын! Қандай сезімдесіз?

– Мен өте қуаныштымын. Әлі де толқып тұрмын. Барлығы ойдағыдай болғанына ризамын.

– Жекелей сайыста – бірінші, командалық сынға екінші орын алдыңыздар? Әрине, бұл керемет нәтиже, бірақ командалық жарыста жеңіске жету үшін не жетпей қалды?

– Жалпы, дәлдікпен нысананы көздегенденімізде, командалық сайыста жеңіске жететін едік. Бірақ, бұл жарыс қой, кім дәл қазір мықты сол жеңіске жетеді. Алда алі талай жүлде алатыныма сенімдімін.

– Жарыс барысын айтсаңыз?

– Азия ойындарына алғаш рет қатысып отырмын. Бірінші кезеңде төртінші орын алдым. Екінші кезең алдында өзімді қайрап, психологиялық тұрғыда дайындалып шықтым. Ал соңғы үшінші кезеңде жеңімпаз болатынына сенімді болдым.

– Азия ойындарына дайындық қалай өтті?

– Жақсы өтті дей аламын. Азия ойын­дары алдында құрама қыз-жігіттері күніне екі реттен дайын­дық жүргізді. Же­ке бапкеріміз жеңіске жету үшін барын салды. Бапкері және бізге қолдау көр­­сет­кен баршаңызға рахмет айтқым келеді.

– Бұл спорт Олим­пиада бағдар­ла­масында жоқ. Нысана көздеудің басқа түріне ауысқыңыз келмей ме?

– Жоқ, ондай ойымыз жоқ. Себебі, бұл спорт түрі бізге ұнайды. Менің сыңарым Фатима кішкене ауырыңқырап қалды. Әйтпесе, оның нәтижесі менен де асып түсер еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038960-synarym-auyryp-qaldy-aziya-oiyndarynda-top-zargan-mergen-qyz-qurlyq-dodasyn-qorytyndylady/

pixel