Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Жарияланған күні:

Карина Ибрагимова
Карина Ибрагимова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан әйелдер құрамасынан боксшы Карина Ибрагимова орташа салмақта қарсыласын ұтып, жартылай финалға және Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Министрліктің ақпаратынша, 57 келіде әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, 27 жастағы Карина Ибрагимова Азия ойындарының ширек финалында моңғолиялық боксшы Намуун Монхорды 5-0 есебімен жеңіп, бокстан жартылай финалға және Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Министрлікте отандасымыз биыл әлем чемпионатында күміс медаль еншілегенін еске салды.

Айта кетейік, бүгін, 1 қазан күні Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жартылай финалға жолдама алғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында үш спортшы жарыс жолынан шығып қалған еді.

Олар - Назым Қызайбай, Валентина Хальзова және Жайна Шекербекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038995-karina-ibragimova-pariz-olimpiadasyna-licenziya-zenip-aldy/