Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды

Опубликовано:

бокс
Карина Ибрагимова шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының келесі кезеңіне өтті. Спортшы солтүстік кореялық қарсыласын айқын басымдықпен (5:0) жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында солтүстік кореялық Пак Джи Хангпен жұдырықтасты. Төрешілер бірегей шешіммен (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Отандасымыз енді ширек финалда Намун Монхор (Монголия) мен Джин Хеджон (Корея) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін боксшы Сағындық Тоғамбай ширек финалда ирандық қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберіп, жартылай финалға шыққан болатын.

Ал Назым Қызайбай Азия ойындарымен қош айтысты. Спортшы моңғолиялық қарсыласы Есугэн Оюунцэцэгке есе жіберді.

Сондай-ақ Сәкен Бибосынов та Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа жол беріп қойды.

Боксшы жекпе-жектен кейін жеңілісінің себебін түсіндіріп, қателіктің бәрі өзінен болғанын мойындады.

Оған қоса, бүгін 29 қыркүйекте Нұрбек Оралбай 80 келі салмақ дәрежесінде Қытайдағы этникалық қазақ Тохтарбек Танатханнан жеңіліп қалды. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті Қытай өкіліне берді.

Ал бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Боксшы өте қиын кездесуде жергілікті қытайлық спортшыны ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038827-bokssy-karina-ibragimova-aziya-oiyndarynyn-sirek-finalyna-zoldama-aldy/

pixel