Бүгін, 3 қазанда Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында тас жолдағы велоспорттан жарыс басталды. Алғашқы стартта Рината Сұлтанова қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарыс бағдарламасының бірінші кезеңінде тас жолдағы велоспорттан әйелдер арасында уақыт бойынша жекелей жарыс болды.
Еліміздің намысын қорғаған велосипедші Рината Сұлтанова 18,3 шақырымды 25:36,10-да жүріп өтті. Бұл нәтиже бойынша ол үшінші орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.
Бұл жолғы жарыста өзбекстандық Ольга Забелинская 24:35.99 уақыт көрсеткішімен жеңіске жетті. Жапондық Эри Энаминге екінші орын бұйырды. Ол мәре сызығын 25:35,59-да кесті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 39 медаль бар. Біздің спортшылар төрт алтын, жеті күміс және 28 қола медаль жеңіп алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039233-tas-zoldagy-velosport-qazaqstan-aziya-oiyndarynda-tagy-bir-qola-zuldeni-zenip-aldy/