jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары: Қазақстандық жеңіл атлеттер қола жүлдеге ие болды

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында
    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Жазғы Азия ойындарында жеңіл атлетикадан араласы командалық эстафетада Қазақстан құрамасы қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ефим Тарасов, Анастасия Залюбовская, Аделина Земс және Дмитрий Колбов командалық эстафетада үшінші болып келді. Олардың уақыт көрсеткіші - 3:24:85.

    Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

    Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

    Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

    Сондай-ақ қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс әйелдер арасындағы 400 м шақырымға жүгіруден Азия ойындарының финалына шыққан болатын.

    Азия ойындары: Қазақстандық жеңіл атлеттер қола жүлдеге ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.