Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын басымдықпен жеңді: су добынан Қазақстан құрамасы Азиаданы жеңіспен бастады

Опубликовано:

Су добынан Қазақстан құрамасының ойыншысы матч кезінде
Су добынан Қазақстан құрамасының ойыншысы матч кезінде Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Су добынан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын жақсы нәтижемен бастады. Қазақстандық спортшылар қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан құрамасы Азия ойындары аясындағы алғашқы матчінде Гонконг командасымен кездесіп, оларды ұтып кетті.

Отандастарымыз қарсыласына мүмкіндік бермеген. Кездесу 25:4 есебімен қазақстандықтардың сенімді жеңісімен аяқталды.

Енді ертең Қазақстан құрамасы Жапониямен бақ сынасатын болады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы ел қоржынына Азия ойындарының төртінші алтынын салды. Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 м қашықтыққа каноэде есуден жұптық сында топ жарып, Азия ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Оған қоса, байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы екі күміс медаль иеленді.

Каноэде есуден жұптық сында (500 метрге жарыс) қазақстандық Мария Бровкова мен Руфина Ысқақова күміс медальға қол жеткізсе, байдарка есуден (500 метрге жарыста) жұптық сынның финалында Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева екінші орынды алды.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынындағы медальдар саны 36-ға жетті. Оның төртеуі алтын, жетеуі күміс, 24-і қола.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039136-aiqyn-basymdyqpen-zendi-su-dobynan-qazaqstan-quramasy-aziadany-zenispen-bastady/

pixel