Грек-рим күресінен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Азат Садықов турнирді қорытындылап, сұхбат берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Азат 77 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының қола медалін иеленді.
"Кіші финалда қарсыласым кілемге шыққан жоқ. Осылайша, қола медаль еншіледім. Турнир барысында қырғызстандық әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтен жеңілдім. Алғашында ұпай бермеген едім, кейін төрттағанға түскен соң төтеп бере алмадым.
Мен бұған дейін 72 келіде белдескен едім. Бұл олимпиадалық салмаққа жаңадан ауыстым. Елдегі бәсекелестік те жақсы. Сондықтан бапкеріммен бірге алға мақсат құрып, ірі жарыстарға қатысуды көздеймін.
Ал өзім Ресейден көшіп келдім. Ата-анам мен туыстарым түгел сол жақта. Қазақстанға жалғыз өзім келдім. Алғашында ешкімді танымайтын едім. Бапкерімнің арқасында осындай жетістікке жеттім", - дейді Азат.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039542-ata-anam-reseide-turady-atamekenine-oralgan-azat-sadyqov-qazaqstanga-qola-medal-syilady/