jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Балуан Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына күміс жүлде салды

    Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарында
    Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарында Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

    Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық сында жапондық спортшыға есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мейіржан Шермағанбет 67 келі салмақ дәрежесінде финалда Катсуаки Эндомен кездесті. Алтын медаль үшін жекпе-жекте жапон балуаны жеңіске жетті.

    Айта кетейік, бұған дейін Мейіржан Шермаханбет жартылай финалда ирандық Даниал Сейед Сохрабиді тізе бүктірді.

    Қазақ балуаны тартысты жекпе-жекте 0:7 есебімен ұтылып келе жатты. Алайда соңына қарай ирандық спортшының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жеткен еді.

    Сондай-ақ Азия ойындарының жүлделі үшінші орыны үшін бақ сынаған Айдос Сұлтанғали Солтүстік Корея спортшысы Сын Риге есе жіберіп қойды. Отандық спортшы үшін Азиада аяқталды.

    Балуан Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына күміс жүлде салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.