Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мейіржанға өкпе жоқ": бапкер бір жыл жаттықпай қалған балуанның күмісін жоғары бағалады

Опубликовано:

Мейіржан Шермаханбет
Мейіржан Шермаханбет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Мейіржан Шермаханбет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Балуанның бұл жетістігін бапкер Нұрым Дүйсенов жоғары бағалауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда жапон балуанына 3:4 есебімен жол берді.

"Мейіржанға өкпе жоқ. Оның бір жылдан аса жаттығудан сырт қалып, емделгенін ескерсек, бұл - керемет нәтиже. Біздің балуан көзінен жарақат алып, бір жылдан аса уақыт күрескен жоқ. Күресте мұнша уақыт кілемге шықпағанның кері әсері көп. Оған шетелде екі рет ота жасалды.

Соған қарамастан, Мейіржан кілемге оралып, өзінің біржылдық үзілістен кейінгі екі жарысында да жүлдеге ілігіп отыр. Жақында өткен Гран-при турнирінде қола медаль алса, бүгін финалға шықты.

Оның бүгінгі қарсыластары да мықты. Ол өз тобында қытайлық балуанды ұтты. Ал қытайлық балуан жақында рейтингілік турнирде чемпион атанған. Одан бөлек, Иран спортшысы да осал емес. Сондықтан, Мейіржанның бүгінгі бар деңгейі осыған жетіп отыр.

Біздің негізгі мақсатымыз - Париж Олимпиадасына жолдама алу", - деді команда бапкері Нұрым Дүйсенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2039534-meiirzanga-okpe-zoq-bapker-bir-zyl-zattygudan-syrt-qalgan-baluannyn-kumisin-zogary-bagalady/

pixel