Қазақстандық боксшы Наталья Богданова ел қоржынын Азия ойындарының қола жүлдесімен толықтырды. Спортшы жартылай финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
66 келі салмақта бақ сынаған Наталья Богданова Тайланд спортшысынан жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бүгін 4 қазанда Қазақстан қоржынына әзірге бір күміс пен екі қола салынды.
Грек-рим күресінен 67 келі салмақта финалда алтын үшін таласқан Мейіржан Шермаханбет Катсуаки Эндоға жол беріп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ал 77 келіде ел намысын қорғаған Азат Садықов қола жүлдеге ие болды. Оның қарсыласы жарақатына байланысты белдесуден бас тартты.
Сондай-ақ 60 келіде белдескен Айдос Сұлтанғали де қола медальге үміткер болды. Алайда тартысты жекпе-жекте қарсыласынан жеңіліс тапты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039557-natalya-bogdanova-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/