Азия ойындары: Айдос Сұлтанғали қола үшін жекпе-жекте кореялық спортшыға есе жіберді
Опубликовано:
Азия ойындарында грек-рим күресінен Қазақстан намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали қола жүлдені жеңе алмады. Қазақ балуаны кореялық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
60 келіде ел намысын қорғаған қазақ балуаны қола үшін жекпе-жекте Солтүстік Корея спортшысы Сын Римен кездесіп, оған 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Айдос Сұлтанғали жартылай финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Аята Сузукиге (Жапония) есе жіберді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақ балуаны Мейіржан Шермағанбеттің Азия ойындарының финалына шыққанын хабарлаған едік.
Отандық спортшы жартылай финалда 0:7 есебімен ұтылып келе жатқан. Алайда кездесудің соңына қарай ирандық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті.
Шермағанбет ақтық сында жапондық спортшымен кездеседі.
- Азиада-2023: Отандық велошабандоздар топтық жарыста жүлдесіз қалды
- Азиадада "әділетсіздікке тап болды" делінген Асланбек Шымбергенов Қазақстанда бағалы сыйлық алады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039519-aziya-oiyndary-aidos-sultangali-qola-usin-zekpe-zekte-koreyalyq-sportsyga-ese-ziberdi/