jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Азия ойындары: каратэші Нұрқанат Әжіқанов алтынға таласады

    Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында
    Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Каратэден Қазақстан намысын қорғап жатқан Нұрқанат Әжіқанов жартылай финалда малайзиялық қарсыласын жеңіп, Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық спортшы Азия ойындарының алғашқы айналымында Махаммед Шекху Аламды (Непал) 5:0 есебімен ұтса, ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрланован 3:1 есебімен басым түсті.

    Ал жартылай финалда Нұрқанат Әжіқанов Малайзия өкілі Рагоназан Шармендранды 4:3 есебімен жеңді

    Айта кетейік, Әжіқанов - каратэден Токио олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан ел намысын қорғап жатқан Нұржан Батырбековтың да финалға шыққаны белгілі болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.