Слаломда ескек есуден Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Ананьева Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының финалында екінші болып мәреге жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық спортшы Анастасия Ананьева слаломда ескек есуден ел намысын қорғады. Шешуші сәтте Ананьева 119,29 уақыт көрсеткішімен күміс медальға қол жеткізді.
Сайыста 107,71 көрсеткішпен қытайлық Цзянь Хуан алтын медальға ие болды. Азия ойындарының қола медалі 119,59 ұпаймен жапониялық Харука Оказакиге бұйырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазірдің өзінде 69 медаль бар. Біздің спортшылар тоғыз алтын, 19 күміс және 41 қола медаль жеңіп алды.
Біздің спортшылар қазір медальдық есепте оныншы орында.
Айта кетейік, Азия ойындары ертең, 8 қазанда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039992-aziada-2023-slalomda-eskek-esuden-qazaqstan-quramasy-kumis-medaldi-zenip-aldy/