Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Эрика Жайлауова
Эрика Жайлауова. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан командалық сайыста Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова ел намысын қорғап, күміс медальді жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Командалық сайыста қазақстандық көркем гимнастшылар барлығы 317,100 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді.

Көркем гимнастикадан Өзбекстан құрамасы 324,800 ұпай жинап бірінші орын алды. Үздік үштіктің қатарындағы Қытай құрамасы 313,400 ұпаймен қола медальдің иегері атанды.

Айта кетейік, Таниева мен Парфилова жекелеген көпсайыс бойынша финалға өтті. Финал ертең, 7 қазанда өтеді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында қазірдің өзінде 68 медаль бар. Біздің спортшылар тоғыз алтын, 18 күміс және 41 қола медаль жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039944-korkem-gimnastikadan-qazaqstan-quramasy-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel